«Шет тілін оқытудың өзекті мәселелері» дөңгелек үстелі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті, жоғары оқу орнынан кейінгі білім  беру кафедрасы мен шет тілін оқыту әдістемесі кафедраларының ұйымдастырумен 21 ақпан 2020 жылы сағат 14.30-да ҚазХҚжәне ӘТУ-де «Шет тілін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен  ҚазҰҚызПУ-дың  «6M011900 - Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша магистранттарға ғылыми тағылымдама бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Тағылымдама Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ «Когнитивті-лингвомәдени әдістеме негізінде шет тілді білім беруді жаңғырту» деп аталатын  І Инновациялық ғылыми-зерттеу зертханасы шеңберінде  өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты ҚазХҚжәне ӘТУ ғалымдарының зерттеу саласындағы соңғы жетістіктерімен танысу, құзыреттілікке негізделген көзқарас пен академик С.С. Құнанбаеваның танымдық-лингвомәдениеттану әдіснамасын қарастыру, сонымен қатар негізгі құзіреттерді шоғырландыру және оқытудың кәсіби деңгейін арттыру болды.

Ғылым және инновация жөніндегі проректор, э.ғ.д., профессор Успанова М.У.   құттықтау сөзімен дөңгелек үстелді ашты. Ол ғылыми кеңес тақырыбының өзектілігіне тоқталып, қатысушыларға шын жүректен сәлем берді және барлығына жемісті жұмыс тіледі. Оқу ісі жөніндегі проректор, п.ғ.д., профессор Чакликова А.Т., «Шетелдік білім беруді модернизациялаудың тұжырымдамалық негіздері» баяндамасын жасады.

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканы профессор Байсұлтанова К.Ш. өз сөзінде ҚазХҚжәне ӘТУ І Инновациялық ғылыми-зерттеу зертханасы шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларын даярлаудағы рөлін атап өтті және осы зертхананың шеңберіндегі магистранттар мен докторанттардың жасаған қолданбалы өнімдерін көрсетті.

 

Тағылымдама өтушілерге академик Құнанбаева С.С. және Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ жетекші ғалымдарының  еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылды. Зерттеу практикасының нәтижелері бойынша магистранттарға салтанатты түрде Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ сертификаттары табысталды.

Печать