«Ұлы Абай және рухани мәдениет» онлайн олимпиада

Қазақ филологиясы кафедрасы тілдер мерекесіне орай Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы Абай және рухани мәдениет» атты онлайн олимпиада өткізу жоспары бойынша ережесін бекітті. Осы ереже бойынша олимпиаданы ұйымдастыру, өткізу тәртібі және қатысушыларға қойылатын талаптар анықталып, бекітілді.Жеңімпаздарды анықтау және оларды марапаттау тәртібін реттелді. Олимпиадаға қазақ тілі пәнін оқитын өзге тілді 1 курс білімгерлері қатысты.

Олимпиаданың мақсаты- Абай даналығы – рухани мәдениетіміздің бір парасы екендігін білімгерлерге ашу және білімгердің өзін-өзі жетілдіруге жағдайлар туғызу.

Басты міндеттері Ұлы Абайдың шығармалары арқылы білімгерлердің мемлекетшіл, патриоттық жаңа буынын қалыптастыру; білімгердің рухани дамуын қалыптастырудағы Абай шығармашылығының маңызын дәлелдеу,болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азықты сіңіруін арттыру, қатысушылардың Абайдың шығармалары арқылы қазақ тілін оқып үйренуге ынтасын арттыруға ықпал ету болатын.  

        Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті, сараптау кеңесі құрылды. Ұйымдастыру комитеті олимпиадаға ұсынылатын материалдардың формасын белгілеп, сараптау кеңесінің жұмысын ұйымдастырды.

        Олимпиада екі кезеңнен тұрды.

1 – кезең. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе....» кезеңінде білімгерлер Абай өлеңдерін жатқа айтулары тиіс. Олимпиаданың бірінші кезеңін қазақ филологиясы кафедрасының профессор - оқытушылар құрамы өз топтарында онлайн форматта өткізді.

Абай өлеңдерін жатқа айтып, іріктеуден өткен білімгерлер екінші кезеңге өтті.

2 – кезең. «Ұлы Абай және рухани мәдениет» кезеңінде әр білімгер бейнежазба дайындады.

      2020 жылдың 23 қазанында сағат 11.00-де Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру қоғамдық даму» орталығының қатысуымен Абай  Құнанбаевтың 175 жылдығына байланысты «Ұлы Абай және рухани мәдениет» атты тақырыпта Zoom платформасында онлайн олимпиада өз мәресіне жетті. Модератор қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ақбота Тұрағұлқызы Қоңырова сөз алып, олимпиаданың ашылуымен құттықтап, әділқазылар алқасымен таныстырып өтті.

Төрағасы: Татьяна Владимировна – Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің Әлеуметтік мәселелер және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының кандидаты, доцент. Комиссия мүшелері: Бельгибаева Майра Бериковна – «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Инновациялық білім беру және ақпаратық технологиялар кафедрасы Курстан кейінгі сүйемелдеу және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі. Оспанов Еділбай Төлеубайұлы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Білім саласындағы көшбасшылық пен менеджмент магистрі, (Ұлыбритания). Ноттингем. Егенбаева Гулжан Сарсенбекқызы – Студенттер кәсіподақ ұйымының төрағасы, педагогика ғылымдарының магистрі. Сержанов Бауыржан Ерланұлы – Рухани жаңғыру қоғамдық даму орталығының жетекшісі.

       Олимпиадаға кафедра оқытушылары, орыс тілі кафедрасының оқытушылары, педагогика кафедрасының оқытушылары, профессорлар, студенттер қатысты.

       Екінші кезең талабы бойынша 16 студент «Ұлы Абай және жаңа заман» тақырыбында бейнежазба дайындап, қорғалды. Бейнежазбада Абайдың өлеңдері, оның мұрасының алатын орны, үштілділік мәселесі қазіргі заманмен байланыстыра жан-жақты талданып көрсетілген.  Бейнежазба олимпиада тақырыбына сай, идеясы мазмұндық тұрғыдан көрініс тапқан. Оның тұтастығы мен бірегейлігі айқын  бейнеленген. Әділқазылар бағалау парағын толтыру кезінде, студенттер Абайдың өлеңдерін оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді, «Көзіммнің қарасы» өлеңі айтылды.

Әділқазылар алқасы ұсынылған бейнежазбаларды сараптамалық бағалаудан өткізіп, олимпиада жеңімпаздарын анықтады. Олимпиаданың қорытындысын шығарды және нәтижесін жариялады.

   Жеңімпаздарға бас жүлде, 1-,2-,3- орындар берілді.

Бас жүлдені Менеджмент және халықаралық коммуникация факультетінің студенті Эргешова Нигинабону Азизжанқызы иеленді.

І орынды Менеджмент және халықаралық коммуникация факультетінің студенті  Порохня Яна иеленді.

ІІ орынды Аударма және шетел филологиясы факультетінің студенті Ергешова Мухлиса, менеджмент және халықаралық коммуникация факультетінің студенті Нуркаева Ансуамун иеленді.

 ІІІ орынға  Аударма және шетел филологиясы факультетінің студенті Сайфуллаева Наиля, экономика және заң факультетінің студенті Чен Константин,  халықаралық қатынастар факультетінің студенті Линев Роман ие болды.

       Олимпиада аясында номинация иегерлері анықталды. «Үздік бейнебаян» номинациясы бойынша Менеджмент және халықаралық коммуникация факультетінің студенті Догадайло Оксана, аударма және шетел филологиясы факультетінің студенті  Севастьянова Екатерина марапатталды. «Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша Шет тілдері педагогикалық факультетінің студенті Хабибова Сабрина, менеджмент және халықаралық коммуникация факультетінің студенті Колпащиков Сергей марапатталды. «Абай өлеңін мәнерлеп оқығаны үшін» номинациясы бойынша  Халықаралық қатынастар факультетінің студенті Миршоева Олима марапатталды. «Креативті бейнебаян» номинациясы бойынша Шығыстану факультетінің студенті Пак Аслан мен аударма және филология факультетінің студенті Труфанова Анастасия  марапатталды. «Әртістік қабілеті бар студент» номинациясына Шығыстану факультетінің студенті Мансурова Адилям  ие болды. «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы бойынша  Шет тілдері педагогикалық факультетінің студенті Хегай Ксения марапатталды.

            Қорытындылай келе, әділқазылар алқасы еліміздегі жағдайға байланысты университет табалдырығын әлі аттап үлгермеген 1-курс студенттері үшін мұндай ауқымды шараға қатысуы ерекше әсер қалдырғанын, барлық білімгерлер жауапкершілікті сезініп, жоғары дайындықпен келгенін, бәрі бірдей жеңімпаз болуға лайықты екенін айта келіп, жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтады.

Печать