Online-Randevu

22 қазан күні сағат 18:00-де Шығыстану факультетінің  «Dilmar» үйірмесі аясында  «Online-Randevu » кездесуіміздің  қонағы Солтүстік  Македония, Халықаралық  Визион  университетінің  оқытушысы  Dr.Дилек Дурак Ханым .

Дилек Ханым студенттерге  «Жібек жолы» жобасы ,Түркияның Орта Азия елдерімен байланысы,сонымен қатар Бурса қаласындағы  Ұлыдағ университетімен байланысты  нығайту жөнінде айтты..Кездесу барысында студенттердің сұрақтарына жауап берді. Шығыстану факультетіміздің деканы Динара Дәуен Ханым Дилек Ханымға алғысын білдіріп болашақта бірлескен жобалар іске асатынын айтты.

Онлайн-кездесуге 1 курс «Шығыстану» мамандығымен  3 курс «Шетел филологиясы» мамандығы студенттері қатысты.                      

Печать