«Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау»

«Арнау» Даму орталығы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау» бағыты бойынша жүзеге асырылатын «Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» жобасын ұйымдастырды. Бұл жобаның мақсаты Қазақстандағы қайырымдылық үдерістерін стандарттау және жүйелеу, сондай-ақ жастар мен қоғамдастық арасында қайырымдылық мәдениетін арттыру болып табылады.

Қазақстанда алғаш рет ағымдағы жылдың қыркүйек айының бірінші онкүндігінде Орталық Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Парасат» дебат клубы өкілдерінің және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «ҚарМУ» дебат клубының қатысуыменҚазақстандағы қайырымдылықтың ең өзекті мәселелерін талқылауға арналған «Жақсылық жаса» креативті идеялардың жастар онлайн-баттлын өткізді.

Жобаны жалғастыру аясында 2020 жылдың 26 қазан айында Орталық

танымал қазақстандық меценаттар мен жастар қатарындағы еріктілердің қатысуымен Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында студенттерге дәрістер сериясын өткізілді. Бұл онлайн-лекцияға бідзің де студенттеріміз белсенді қатысып қана қоймай, ұымдастырушылардан сый ұтып алды. Спикер ретінде экономист Олжас Құдайбергенов, журналист Бибігүл Жексенбай, еріктілер қозғалысының белсендісі Данара Саранова, «Болашақ» корпоративтік қорының директоры Азамат Божаков және американдық бизнесмен және меценат Дэвид Валера сөз сөйледі.

Дәрістер барысында спикерлер қайырымдылық көрсетудің жеке тәжірибесі туралы, Қазақстандағы қайырымдылықты дамыту перспективалары туралы пікірлерімен бөліті және меценаттықты ынталандыру жөніндегі ұсыныстарды айтады.

Печать