ҚазХҚжӘТУ корейтану бөлімі студенттеріне арналған корей тілінің онлайн сабақтары

2020 жылдың 5 қазан мен 26 қазан аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері (Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ) «Орталық Азиядағы шетелдік тағылымдама аясында корей тілінің онлайн сабақтары» өтті.

Желдегі ашылу салтанатына жоба жетекшісі, профессор Ли Донын (Кукмин университеті), корей тілін дамыту бөлімінің бастығы Ким Джинёп, Ли Юнми (Корей тілінің ұлттық ғылыми-зерттеу институты), Кукмин университетінің профессоры Ли Хёчжон, Ли Суён, Юн Боын, Мёнджи университетінің профессоры Чо Намхо, Ханьян университетінің профессоры Ким Джонхун, Корё университетінің профессоры Ким Джихе қатысты.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ атынан профессор Пак Нелли Сергеевна, доцент Хан Нелли Чанировна, сондай-ақ басқа да корей тілінің оқытушылар қатысты.

Биылғы жылы корей бөлімінде оқитын 90 студент сабақтан тыс уақытта 5 тәжірибелі оқытушы жетекшілігімен он тоғыз болашақ оқытушылармен бірге корей тілі сабағын тыңдады, Корея елінің дәстүрлі және заманауи мәдениетімен танысты. Бұл біздің студенттерімізге тілі оқылатын елмен толығырақ танысуға және корей тілінде сөйлесуге жақсы мүмкіндік болды.

2017 жылдан бері жалғасып келе жатқан болашақ корей тілі оқытушыларына арналған шетелдік тәжірибе бағдарламасы корей тілі мамандығын оқитын жоғарғы курс студенттері мен магистранттарға, Кореяның әр түрлі университеттерінде корей тілін оқытуға, сондай-ақ шет елдегі корей тілі оқытылатын оқу орындарымен қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді.

Корея Республикасының Ұлттық корей тілдері институты, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мен Кукмин Университетінің қолдауымен, аталмыш бағдарлама Қазақстанда үш жыл бойы жүргізілуі, студенттер арасында қысқа мерзімді корей тілі курстарына оң пікірлер тудырды.

Корей тілі мұғалімдеріне шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігі көптеген алматылық мектеп оқушылары үшін университет пен мамандық таңдауды анықтауға өз үлесін қосты.

Іс-шараны Ұлттық корей тілі ғылыми-зерттеу институты, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің корейтану орталығы мен Кукмин университетінің шетелдік тәжірибесін қолдау жобалық тобы ұйымдастырды.

Корея елінің жас оқытушылары Сон Чеён мен Со Юри қазіргі таңдағы бүкіл әлемнің алдындағы қиыншылықтарға қарамастан, онлайн сабақтарды жүргізуді ұйымдастыру мен өткізуге берілген мүмкіндіктер үшін үлес қосқан барша жанға өздерінің ризашылықтарын білдірді. Исабекова Айдана мен Мақанова Ардақ өз кезегінде Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ корей бөлімі студенттерінің атынан корей оқытушыларымен онлайн форматта өткен корей елінің тілі мен мәдениетімен жақынырақ танысу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.

Печать