Өз ісінің шеберімен онлайн кездесу

4 қараша күні сағат 16:00-де «Zoom» платморфасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты,ҚР Ақпарат саласының  үздігі,ҚР Мәдениет саласының үздігі,Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» орденінің иегері және журналисттерге тағайындалатын «Күміс жаршы» төсбелгісінің иегері белгілі ақын-журналист Ғайни Әлімбекқызымен Абылай хан атындағы Халықаралық Қазақ Қатынастар және Әлем Тілдері университетінің журналистика мамандығының 1-2 курс студенттерімен «Дара жол» атты онлайн кездесу өтті.

Кездесу барысында  Ғайни Әлімбекқызы журналистика мамандығына қалай келгені жайында әңгімелеп берді. Осы мамандықтың қыры мен сырын меңгергендігі жөнінде,журналистиканың қиындығы мен қызығын,сол қазанда қалай қайнағаның болашақ журналисттермен бөлісті.Арасында,ақын ретінде жүрегінен шыққан өлеңдерін оқыды.Болашақ мамандар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып,өздеріне қажетті жауаптарын алды.Сонымен қатар,Ғайни Әлімбекқызы алдымызда келе жатқан   Тәуелсіздік күнімен құттықтап,жырың тарту етті. Абылай хан атындағы Халықаралық Қазақ Қатынастар және Әлем Тілдері университетінің 80-жылдық мерейлі тойымен құттықтап,университет ұжымына табыс,алар асулары мен жетер биіктерінің көп болғанын тіледі.

    Кездесу соңында «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму орталығының басшысы Сержанов Б.Е.  Ғайни Әлімбекқызына ақжарма тілектерің арнап,алғыстарың білдірді.

Печать