Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ким Хынг Су арнайы дәрісі

2020 жылдың 5 қарашасында "Novotel" қонақ үйінің конференция-залында Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ким Хынг Су Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Шығыстану факультетінің корей бөлімінің студенттеріне "Токто аралы және Шығыс теңізі" тақырыбы бойынша арнайы дәріс оқыды.

Кореяның бас консулы Ким Хынг Су Корея Республикасы мен Жапония арасындағы тарихи қарым-қатынастар туралы айтып берді. Атап айтқанда, Токто аралының аумақтық мәселесі қаралды.

Сондай-ақ, Кореяның бас консулы Ким Хынг Су Оңтүстік Кореяның ұстанымынан қазіргі уақытта "Жапон теңізі" деп аталатын "Шығыс теңізінің" тарихи атауы туралы айтып, оған тарихи атауды қайтару бойынша қабылданып жатқан шаралармен және корей тарапы қол жеткізген нәтижелермен бөлісті.

Дәріске Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ корей бөлімінің төрт оқытушысы мен студенттері қатысты. Дәріске қатысқан қауым белсенді сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті.

Дәріс аяқталғаннан кейін ұйымдатсрушылар қатысушыларға арнайы сертификаттар мен естелік кәдесыйлар сы»ға тартты.

Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулына танымдық және қызықты дәрісі үшін алғысымызды білдіреміз.

Печать