«Ливан: тарих, әлеуметтік-экономикалық жағдай және сыртқы саясат»

2020 жылдың 9 қарашасында халықаралық қатынастар кәсіби кафедрасының (жоғарғы курстар)  ұйымдастыруымен  халықаралық қатынастар факультетінің 3-4 курс студенттеріне ливандық саясаттанушы Ибрахим Джохари қатысуымен «Ливан: тарих, әлеуметтік-экономикалық жағдай және сыртқы саясат» тақырыбында дәрісі өтті. Дәріс онлайн режимінде, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Онлайн-дәріс барысында Таяу Шығыстың өзекті мәселелері және аймақтағы қауіпсіздік проблемалары талқыланды.

Ибрахим Джохари - саясаттану магистрі, Американ - Ливан университетінің аға оқытушысы (Бейрут, Ливан), 50-ден астам талдамалық мақалалардың авторы.

Дәріске халықаралық қатынастар факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы, доцент Хайруллаева В.Х., халықаралық қатынастар кәсіби кафедрасының (жоғары курстар) меңгерушісі PhD докторы Асхат Г.А., факультет деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары магистр Оралбаев С. және «5В050500-Аймақтану», «5В020200-Халықаралық қатынастар» мамандықтарының 3-4 курс студенттері қатысты.

Студенттер проблемаға қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Онлайн-дәрістің модераторы және ұйымдастырушысы халықаралық қатынастар кәсіби кафедрасының (жоғары курстар) қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Шукыжанова А.Н.

Бізге уақыт бөлгені үшін және өте мазмұнды, қызықты дәрісі үшін Ибрахим Джохари мырзаға ризашылығымызды білдіреміз.

Печать