Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының қытай тілі оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған онлайн-семинардың ашылу салтанаты

2020 ж. 12 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университеті Оңтүстік-Батыс университетімен (ҚХР) бірлесе отыра, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының қытай тілі оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған онлайн-семинардың ашылу салтанатын өткізді.

 

    Шара барысында ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулдығының бас консулы Гэн Липин ханым, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ оқу ісі жөніндегі проректоры Чакликова Асель Тұрарқызы, Оңтүстік-Батыс университетінің (ҚХР) проректоры Цзинь Юйлэ, Оңтүстік-Батыс университетінің профессоры Ду Шэхун және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Шығыстану факультетінің деканы Дәуен Динара Бақыткерейқызы құттықтау сөз сөйледі.

     Сонымен қатар іс-шараға факультет оқытушылары, Оңтүстік-Батыс университетінің ғалым, профессорлары және де басқа университеттерден, оқу орындарынан шақырылған қонақтар қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушылары осы онлайн-семинардың қытай тілін оқыту әдістемесін жетілдіруге ықпал етіп, сондай-ақ тілді оқытудың келешегіне айтарлықтай үлес қосатынына зор сенім білдірді.

Печать