InyazTeam командасы «АҚШ Бас Консулдығының таңдауы» номинациясын жеңді

1-7 наурыз аралығында америкалық бағдарламалар түлектеріне арналған Онлайн Тимбилдинг сайысы онлайн режимде өткізілді. Оған 70 астам адам 20 команда құрып, мәреге 19 команда мен 68 қатысушы жетті.

Сайыстың негізгі тапсырмалары комьюнити құру, өз жобаларын жасап ұсыну, басқа да тапсырмалар орындап, дағдыларын дамыту және бір-бірімен бас қосып, жұмыс істей білетінін көрсету болып табылатын.

Іс-шараны АҚШтың Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігі – Алматы қаласындағы АҚШ Бас консулдығының @uscgalmaty қаржылай қолдауымен «КОМУНИТИПЛЮС» ҚҚ, @komuniti_plus ұйымдастырып өткізді.

Онлайн Тимбилдингке қатысу нәтижесінде біздің InyazTeam (Бағлан Мизамхан, Мөлдір Дінәсілова, Саят Мухамедияр) «АҚШ Бас Консулдығының таңдауы» номинациясын жеңіп алды.

Печать