Екі қала арасындағы достықтың белгісі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Франциядан келген 44 жастағы велошабандоз Лоран Мэй тоғыз мың шақырымды бағындырып, Алматыда мәреге жетті. Лоран Мэй саяхатын мамыр айында Ренн қаласынан бастады. Қазақстанға барар жолда ол әлемнің 15 елінде болды. Биыл Алматы мен Ренн қалалары арасындағы бауырластықтың 30 жылдық мерейтойы атап өтіледі, бұл оның велошеруінің басты себебі болды. Француз Алматыға Ренн қаласының мэрі Натали Аппереден хат алып келді, онда ол Мэйдің спорттық ерлігі мен екі қала арасындағы достықты атап өтті.

Лоран Мэй-ның Алматыға сапары аясында филология факультетінің оқытушылары мен француз тілі кафедрасының роман бағыты аудармашылары велосипедшіні студенттермен онлайн режимінде кездесуге шақырды. Кездесу барысында Лоран Мэй студенттердің көптеген сұрақтарына жауап беріп, өзінің қиын саяхаты туралы айтып, Қазақстан туралы алған әсерлерімен бөлісті. Лоран студенттердің француз тілінің жақсы деңгейін атап өтті және мәдениет пен білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өз көмегін тигезетнің жеткізді.

Печать