Онлайн дөңгелек үстел «А.Байтұрсынұлы және тіл тағлымы»

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де 8 қазан 2021 жылы, сағат 10.00-де Қазақ филологиясы кафедрасы мен Мемлекеттік тілді дамыту орталығының ұйымдастыруымен белгілі тілтанушы ғалым, ағартушы, Алаш қозғалысының қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай және ҚР Тілдері мерекесіне арналған «А.Байтұрсынұлы және тіл тағлымы» атты онлайн форматта дөңгелек үстел өтті. А.Байтұрсынұлына арналған дөңгелек үстелдің студентерге және тыңдарман қауымға беретін танымдық, тағылымдық және тәрбиелік мәні зор болды. Ұлт көсемі А. Байтұрсынұлының қазақ халқының руханияты үшін жасаған орасан зор еңбегі студенттерге кеңінен насихатталды.

А. Байтұрсынұлының қазақ тіл ғылымында терминология саласында ұлттық терминдерді қалыптастырудағы еңбегі шексіз. Бұл дөңгелек үстелдің  ерекшелігі, екі шетел тілі мұғалімдерін дайындау факультетінің 2 курс студенттері: Талғатов Ерасыл, Серікқызы Меруерт, Салимова Гүлім, Аубакирова Айгерім Алматы қаласында орналасқан  А.Байтұрсынұлының мұражайына барып, «А.Байтұрсынұлының мұралары» атты бейнеролик түсірді және Серікқызы Меруерт   А.Байтұрсынұлының «Ақын ініме» атты өлеңін оқи отырып, студенттер арасында ақынның өлеңдерін оқудан челлендж жариялады. Бұл дөңгелек үстелде қазақ филология кафедрасының оқытушысы Амирбекова Айгүл студенттер арасында өткізілген «А. Байтұрсынұлының феномендік тұлғасы» атты сауалнаманың қорытындысын жариялады. Дөңгелек үстел қонағы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология  ғылымдарының кандидаты Көбденова Гүлжиhан Байғазықызы «Ұлттың ұлы тінін жалғаған ғалым»  атты тақырыпта баяндамасын жасады. Дөңгелек үстел соңында қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты,  доцент Қоңырова Ақбота Тұрағұлқызы резолюция жасады. Резолюция бойынша төмендегі мәселелерге тоқталды:

 Резолюция бойынша төмендегі мәселелерге тоқталды:

  1. Жыл сайын «А.Байтұрсынұлы мұралары» атты экспедициялық зерттеу апталығын ұйымдастыру;
  2. В2 оқулығына «А.Байтұрсынұлының тағылымы» атты тақырып енгізу;
  3. А.Байтұрсынұлының 5 қыркүйек туған күнінде жыл сайын мұражайына барып, сенбілік жасау. Бұл ұлы ғалымның рухына тағзым деп есептейміз.
  4. А.Байтұрсынұлының өлеңдерін оқудан челлендж ұйымдастыру.
  5.  

    Дөңгелек үстелге қатысқан екі шетел тілі мұғалімдерін дайындау факультетінің 1 курс және 2 курс студенттері онлайн дөңгелек үстелден алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын білдірді және «Тіл біліміне кіріспе» пәнінен сабақ берген  Қоңырова Ақбота Тұрағұлқызына және Аққожина Баян Қанатқызына рақметтерін айтты. Сонымен қатар, резолюцияға А.Байтұрсынұлы туралы университетімізде көрініс көрсетсек деген ұсыныстарын білдірді.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать