Қонақ дәрісі

2021 жылғы 30 қыркүйекте Халықаралық құқық кафедрасы Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы Роман Валеревичтің қатысуымен Құқықтану мамандығының 4 курс студенттерімен қонақ дәрісін өткізді. Судья  "соттардың алаяқтық іс-әрекеттер жасау фактілері бойынша қылмыстық істерді қарау тәжірибесі" тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында осындай  қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттерді саралау, оларды соттардың қарау ерекшеліктері, сондай-ақ осы санаттағы қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп тексеру кезінде қылмыстық процестік және ұйымдастырушылық сипаттағы қазіргі қателіктерге назар аударылды. Сонымен қатар, алаяқтықтың криминалистік құрылым элементтерінің сипаттамалары, оны жасау мен жасырудың негізгі әдістері қарастырылды. Дәрісті жүргізу кезінде нақты тәжірибелік оқиғалар, сотқа дейінгі тергеп тексерудің  әртүрлі кезеңдерінде және сот талқылауы барысында қалыптасқан жағдайларды талдаулар  келтірілді.

Печать