Шығыстану факультетінің студенттері үшін кезекті кездесуі өтті

12 қазан күні Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Шығыстану факультетінің студенттері үшін кезекті кездесуі өтті. Қонағымыз университеттің түлегі жане қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы Ибраев Дәулет Айтмухамедович. 

Кездесуді ашқан факультет деканы Дауен Динара Бахтыгерейқызы қонағымыздың өмір жолы мен мемлекетке сіңірген еңбегін баяндап берді. Кездесі уақытында студенттер өздерін қызықтырып, мазалап жүрген сұрақтарын қойып жауаптар алды.

Өз кезегінде Ибраев Даулет  университеттің бүгінгі таңда барлық саладағы дамуына көңілі толғандығын білдірді.

Жиында университет түлегі студенттік күндерінің ұмытылмастай ерекше болғанын, әрбір өткен қызықты шақ мәңгі есте сақталатындығын жеткізді. Кездесу соңында студенттер қонағымыздың айтқан өрелі де, ойлы әңгімесі үшін алғысын білдіріп, университет атынан сыйлықтар тарту етті.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать