ДАЛАНЫҢ ДАРХАН ДАНАСЫ – ЖАМБЫЛ БАБАМ

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Қазақ филологиясы кафедрасы, Мемлекеттік тілді дамыту орталығы мен Рухани жаңғыру қоғамдық даму орталығы бірлесіп 22 қазанда Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Даланың дархан данасы – Жамбыл  бабам» атты онлайн олимпиада  болып өтті.

Олимпиадаға университетіміздің барлық факультетінің орыс тобынан студенттер қатысты. Олимпиада онлайн форматта, ZOOM платформасында өтті.

Зияткерлік сайыстың ашылу салтанытында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің оқу- әдістемелік істер жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Кульгильдинова Тулебике Алимжановна  Жамбыл ақынның рухты өлеңдері тек Ленинградтықтарды ғана  емес, қан майданда  қан жұтқан қаншама әскерлерге күш-қуат бергендігін айтты.

Шынайы шындықтың көркем суреткері Жамбыл тәрізді ақын шығармашылығы туралы зияткердік олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тілеп сөзін аяқтады.

Зияткерлік сайысқа Рухани жаңғыру қоғамдық даму орталығының жетекшісі - Бауыржан Ерланұлы Сержанов төрағалық жасады.  Студенттерді әлеуметтік қолдау маманы - Егенбаева Г.С., Жоба басқармасының үйлестірушісі - Айтбаева А.Б., Абай атындағы ҚазҰПУPhD докторы, Тоқшылықова Г.Б.әділ қазылық жасады.

Олимпиада екі кезең бойынша студенттер білімін көрсетті. Алғашқы кезеңде студенттер Ұлы Отан соғысы кезінде өлеңдері күллі майданды шарлап, қаншама жас өрендерге рух, жалын, жігер берген Жамбыл ақынның шығармашылығы туралы видеоларын ортаға салса, екінші кезеңде студенттер ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать