Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен БҰҰ күніне арналған панельдік пікірталас

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ БҰҰ күніне арналған панельдік пікірталас өткізді. Онда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Алматыдағы өкілдігінің саяси тобының жетекшісі - Аренова Алмаш Арыстанқызы, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі - Властимил Самек, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік кеңсесінің өкілі және әлеуметтік -гуманитарлық ғылымдар секторының меңгерушісі - Ариана Мясод қатысты.

Іс -шара қонақтары студенттердің жоғары дайындық деңгейін атап өтіп, жас ұрпақты БҰҰ міндеттерінде айқындалған жаһандық үдерістерге белсенді қатысуға шақырды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Алматыдағы өкілдігінің саяси тобының жетекшісі - Аренова Алмаш Арыстанқызы құттықтау сөз сөйледі. Ол Қазақстанның әлемдегі 30 жылдық еңбегінің, БҰҰ-дағы тұтастығы мен тұрақтылығының маңыздылығын атап өтті.

Баяндамашылармен бірге халықаралық қатынастар факультетінің студенттері Қазақстан Республикасының 1991-2021 жылдар аралығында БҰҰ-ға мүше ретінде атқарған жұмыстарына талдаулар жасап, нәтижелер шығарды. Жас спикерлер бітімгершілік пен адамзаттың тұрақты дамуы мақсаттарын жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылады.

Шара ортасында келген қонақтарға университетіміздің мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара қонақтары мен спикерлері хан Абылайдың өмірі мен шығармашылығының ерекше тарихи атмосферасына еніп, оның өмірінің көптеген маңызды кезеңдерімен және сыртқы саяси қызметімен танысты.

Осыдан кейін бірінші курстан үшінші курсқа дейінгі студенттер БҰҰ ТДМ Қазақстанның дамуына әсерін талқылады. Олар тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге және бейбітшілік жаһандық мақсаттарына табысты қол жеткізуге өз үлесін қосқан Қазақстанның дамуын атап өтті.

Қорытынды бөлімде бұл іс-шараның ұйымдастырушылары Kahoot ойынының көмегімен БҰҰ және оның қызметі туралы жалпы білімді шоғырландырды.

Іс-шараның жабылу салтанатынан кейін барлық қатысушылар мен спикерлерге университеттің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табыс етілді.

Печать