«Тәртіпке бағынған құл болмайды» атты ашық тәрбие сағаты

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Халықаралық құқық және экономика» факультеті «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенттерімен Тәуелсіздік күнінің 30 жылдығына орай, Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бағынған құл болмайды» атты нақыл сөзін басшылыққа ала отырып, «Халықаралық құқық» ББ 2 курс магистранты С.М. Ешен ашық тәрбие сағатын өткізді.

«Қазіргі уақытта ата - аналарын құрметтемейтін, сондай-ақ қарт ата-әжелер мен балаларды тастап кететін, алкоголь, есірткі қолданатын жастардың өсуі байқалады - мұның бәрі моральдық келбеттің төмен белгілері. Тәрбие – менің түсінігімде өмірді сапалы әрі таза өткізудің бірден-бір жолы. Менің ойымша, сіз тәрбиелі болсаңыз ғана өмірде өз орныңызды таба аласыз, сол себепті, тәрбиені бесіктен бастау керек. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке  бағынған құл болмайды» деп,- қазақтың батыр тұлғаларының бірі Бауыржан Момышұлының нақыл сөзімен М.С.Ешен  тәрбие сағатының маңызын ашып бастап берді.

Студенттер тәрбиеге байланысты нақыл сөздермен, өз ой-пікірлерімен бөлісіп, өте қызықты пікірталас тудырып, тәрбие сағатын жоғары деңгейге жеткізе білді.

«Халықаралық құқық» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., доцент Қ.А.Байжомартова тәрбие сағатының соңында 2 курс студенттеріне өз алғысын айта келіп: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің қолдарыңызда, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деп нақтылай келе, бүгінгі біздің мақсатымыз - өскелең ұрпақты жаңа кезеңде, «Рухани жаңғыру» рухында тәрбиелеудің өзекті мәселелерін тиімді шешуді ұйымдастыру», - деп атап өтті.

Печать