Абай шығармаларын қазақ және қытай тілдерінде оқу

5 қараша күні Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің Шығыстану факультеті, шығыс тілдері аударма кафедрасы мен Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жанындағы Конфуций институтынының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 30 жылдық Тәуелсіздік мерейтойы мен университетіміздің 80 жылдығына орай және қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының шығармаларына арналған Алматы қаласындағы ЖОО-да қытай тілі бөлімінде оқитын студенттер арасында «Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу» байқауының шешуші кезеңі өтті.

Байқау Microsoft teams платформасында онлайн форматта өтті, оған Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Халықаралық қазақ-қытай тілі колледжі студенттері қатысты.

Іс-шараның қонақтары Southwest университетінің (Оңтүстік-Батыс университеті, Чунцин, Қытай) оқытушысы Ши Лунвэй мырза және Абылай хан  атындағы ҚазХҚжӘТУ Шығыстану факультетінің түлегі, «Абай оқулары-2018» жеңімпазы Әзім Сұлтанов болды.

Құттықтау сөзімен Абылай хан  атындағы ҚазХҚжӘТУ тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Сережкина Татьяна Владимировна және Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының мәдениет және білім консулы Ван Цинпин мырза шықты.

Шара екі бөлімнен тұрды, екінші бөлімінде Абайдың кез келген шығармасын қытай тілінде оқу болды. Әр студент 3-5 минут ішінде сөз сөйлеп, қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.

1-орын иегері - Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ студенті Әбдуәлі Феруза.

2-орын иегерлері Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ студенттері Наурзбаева Айым мен Тасғын Айман, және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті Аманкелді Арна болды.

3-орын иегерлері Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ студенттері Серікбай Азиза, Қырықбаева Әсел, Бақытбекқызы Ақнұр және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Дүрібаев Ардақ.

Сондай-ақ іс-шарада университетіміздің «Рухани жаңғыру» оркестрі Құрманғазының «Ерке сылым» күйін орындады.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать