Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің магистранттары Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де ғылыми тағылымдамадан өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің «7М01719-Шетел тілі оқытушыларын даярлау (ғылыми-педагогикалық бағыт)» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары 2021 жылдың 19 қарашасынан 28 қарашаға дейін «Когнитивті-лингвомәдени әдістеме негізінде шет тілдік білім беруді модернизациялау» қолданбалы зертханаларының негізінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тәжірибе шеңберінде интерактивті кеңес беру, оқыту семинарлары  және ҚазХҚжӘТУ жетекші мамандарының дәрістері ұйымдастырылды.

Магистранттарға ҚазХҚжӘТУ ақпараттық және мультимедиялық электрондық ресурстарымен танысып, зерттеу материалдарына қол жетккізді . Магистранттардың іс-тәжірибесі ҚазХҚжӘТУ 80 жылдығына орай «Шет тіліндегі білім беруді жаңғырту және оның заманауи теориялық және интеграциялық негіздері» тақырыбындағы интерактивті теориялық-әдістемелік семинармен аяқталды.

Бұл тағылымдама семинар-тренингтер мен «дөңгелек үстелдерге» белсенді қатысу барысында теориялық білім мен зерттеу дағдыларын алуға, жетекші университеттің шет тілін оқыту әдістемесі бойынша оқыту жүйесімен танысуға бағытталғанын айта кету керек. Тағылымдаманы аяқтағаннан кейін магистранттарға сертификаттар табыс етілді.

Печать