«МЕНІҢ ЕЛІМ, МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ»

Осы аптада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің 80-жылдығына орай Шығыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «МЕНІҢ ЕЛІМ, МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» атты қытай тілінен шығарма жазу сайысында жеңіске жеткен студенттер марапатталды. Бірінші орын алған 3 курс студенті Иваш Ботагөз (жетекшісі Меллат Дилнар). Екінші орын алғандар 3 курс студенті Тоғызбай Камила (жетекшісі Меллат Дилнар). 2 курс студенті Аружан Құлмағанбетова (жетекшісі Меллат Дилнар). Үшінші орын алғандар 4 курс студенті Елтаева Дариға (жетекшісі Райхан Бағила), 3 курс студенті Жанғали Ерсолтан (жетекшісі Абылқасымова Бақытгүл Амангелдіқызы), 3 курс студенті Жабинская София (жетекшісі Карабасова Асель Байрамовна).

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать