«Көптілді білім беру: мәселелері мен болашағы» атты дөңгелек үстел

2022 жылдың   21 қаңтарында  еліміздің, сондай-ақ таяу және алыс шетел  ЖОО-ының 100-ден аса  оқытушылары: РФ Ульяновск мемлекеттік педагогикалық университеті доценті, ф.ғ.к. Лобина  Ю.А.;  Б.Н. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей университеті профессоры, ф.ғ.д. Лазариди Милана Исааковна; Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университетінің профессоры,  ф.ғ.д. Им Светлана Борисовна; Қытай, Далянь шетел тілдері университеті, Орыс тілі институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Синица Ирина Анатольевна; Түркия, Хаджи Байрам Вели атындағы Анкара университеті, PhD Мырзабекова Майя  Жаксыбекқызы; Қырғызстан, Ош мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к. Болотакунова Гульзат Жолдошбековна; Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университетінің докторанты Жакупов  Георгий Александрович    Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасының Google Meet  алаңында онлайн өткізілген «Көптілді білім беру:  мәселелері мен болашағы» атты дөңгелек үстел  мәжілісіне белсенді түрде ат салысты.

Дөңгелек үстелде көптілді білім беру мәселелері, сондай-ақ  пәнаралық гуманитарлық мәселелер талқыланды: 1)  заманауи лингвистика мәселелері; 2) тілдерді оқыту әдістемесі; 3) тілдік пәндерді үйретудегі инновациялық технологиялар; 4)  әдебиеттану мәселелері; 5) тілдік білім беруді цифрландыру; 6) қазіргі кезеңдегі тіл саясаты.

  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, ф.ғ.д. Н.Ж. Шаймерденованың, Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университеті профессоры, ф.ғ.д. Им Светлана Борисовнаның, Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ҰУ профессоры, ф.ғ.д. Ж.Н. Жүнісованың, Қорқыт ата атындағы  Кызылорда университетінің профессоры, ф.ғ.к. А.М. Абасиловтың, Павлодар мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к. К. М. Текжановтың,  Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау  университеті ф.ғ.к. Д.С. Рыспаеваның, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ профессоры, ф.ғ.д.  С.М. Алтыбаеваның баяндамалары аса қызығушылықпен тыңдалды.

        Мерейтой иесі ф.ғ.д., проф. Баяндина Сәуле Жұмажанқызының құрметіне   Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ басшылығы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау  университеті, конференция қатысушылары атынан құттықтаулар айтылып, атаулы сыйлықтар мен марапаттар табыс етілді.

     Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы  дөңгелек үстелді ұйымдастыруда

қол ұшын созған университет ректоры  ф.ғ.д., академик Салима Сағиқызы Құнанбаева ханымға, университеттің проректорларына,  кадрлар бөлімі бастықтарына,     факультеттің  декандарына,  қоғамдық даму орталығы  басшысына,  университеттің профессорлары мен оқытушылар құрамына дөңгелек үстел жұмысына  қатысқандары үшін   алғыс білдіреді.

Печать