«Педагогикалық ақпараттың заманауи білім беру үдерісіндегі рөлі: проблемалар, ізденістер, шешімдер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Педагогика және психология кафедарысының ұйымдастыруымен 04.11.2015ж. «Педагогикалық ақпараттың заманауи білім беру үдерісіндегі рөлі: проблемалар, ізденістер, шешімдер»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде келесідей мәселелер талқыланды:

  • Бүгінгі педагогика ғылымындағы өзекті мәселелер
  • Ғылыми –педагогикалық журналдардың жоғары педагогикалық оқу орындарымен педагогикалық ынтымақтастығы
  • Ғылыми- педагогикалық ізденіс саласында алынған нәтижелердің педагогикалық басылымдардағы көрінісі
  • Заманауи инновациялық технологиялардың мектеп тәжірибесіндегі көрінісі
  • Бүгінгі тәрбие саласындағы өзекті мәселелер: құқық бұзушылық, діни ағымдардың ықпалы, өз-өзіне қол салу және т.б.
  • Халық педагогикасы материалдарын оқу- тәрбие үдерісінде пайдаланудағы озық тәжірибелердің педагогикалық журналдарда насихатталуы

Дөңгелек үстелге «Ұлағат», «Қазақстан мектебі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Бастауыш мектеп», «Қазақ орта мектебі», Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Педагогика және психология» (ЖАК) журналдарының бас редакторлары, докторанттар, магистранттар, оқытушылар қатысты.

Печать