«БЕЙБІТ ИСХАН: ҒАЛЫМ, ҰСТАЗ, СЫНШЫ»

2022 жылы 15 ақпанда Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де Қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, түркітанушы, қоғам қайраткері  А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында  филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бейбіт Жәлелұлы Исханның 60 жылдығына орай «БЕЙБІТ ИСХАН: ҒАЛЫМ, ҰСТАЗ, СЫНШЫ» тақырыбындағы ғалымды еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге республикаға белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің проректоры, ф.ғ.д., проф. М. Б Сабыр, Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д., профессор Г. Смағұлова, Мемлекеттік тілді дамыту институтының директоры, ф.ғ.к., профессор Б. Қапалбек, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ-нің профессоры ф.ғ.к. Б. Қорғанбек сынды ғалымның үзеңгілес достары, отбасы, әріптестері, шәкірттері қатысты.

Дөңгелек үстелді Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент   Ақбота Тұрағұлқызы Қоңырова жүргізді.

Шара барысында ғалымның 2 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері болды.  Рәсімді  Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің ғылыми істер және инновациялық істер жөніндегі проректоры  М.У Успанова мен ғалымның бауыры ауылшаруашылық ғылымдырының кандидаты  Қ.Ж. Исхан, ғылым жолындағы апасы ф.ғ.к., проф. З.Абдуллина орындады. Кафедра бастамасымен Б.Исханның барлық салаға қатысты еңбектері жинақталып, библиографиялық көрсеткіші жарық көрді.

Ғалымның тағлымды ғұмыры, өлшеусіз еңбектері, ғылымдағы орны, қоғамдағы қызметі, ұстаздық қыры сынды қырлары сөз болып, шынайы естеліктер айтылды.

Печать