"Тринидад және Тобаго: тарих, әлеуметтік-экономикалық жағдай және сыртқы саясат"

2022 жылдың 21 ақпанда аймақтану кәсіби кафедрасы халықаралық қатынастар факультетінің "6В03102-Аймақтану" мамандығының 1 курс студенттеріне профессор Рагунах Махаббирдің "Тринидад және Тобаго: тарих, әлеуметтік-экономикалық жағдай және сыртқы саясат" тақырыбында дәріс ұйымдастырды.  Дәріс онлайн форматта, жоғары деңгейде өтті. Онлайн дәріс барысында студенттер теориялық сұрақтар қойып, Венесуэланың да ішкі саяси жағдайын талқылады.

Рагунах Махаббир - саясат ғылымдарының докторы, профессор және Тринидад және Тобаго Оңтүстік Кариб университетінің Ұлттық қауіпсіздік және барлау бағдарламасының жетекшісі, онлайн және рецензияланған басылымдарда 50-ден астам аналитикалық мақалалардың авторы.

Онлайн дәрістің модераторы және ұйымдастырушысы аймақтану кәсіби кафедрасының қауымдастырылған профессоры,PhD Шукыжанова А.Н.

Рагунах Махаббир мырзаға өте танымды және қызықты дәрісі үшін алғысымызды білдіреміз.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать