«Индустрия 4.0: ұрпақтар сұхбаты және жас ғалымдарға жаңа бағыт-бағдар» атты VIII Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

2022 жылдың 11 наурызында  Алматы қаласында  Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінде  жас ғалымдар мен мамандар үшін «Индустрия 4.0: ұрпақтар сұхбаты және жас ғалымдарға жаңа бағыт-бағдар» атты VIII Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция барысында шет елдік және отандық ғалымдар, ЖОО оқытушылары мен докторантары, магистранттар  өз жұмыстарын көрсетті. Конференция online форматта өтті.

Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары мынандай болды:

  1. Шеттілдік білім берудегі ақпараттық-инновациялық кеңістігінің өзекті мәселелері
  2. Филологиялық және лингвистикалық зерттеулердің, аударма және мәдениетаралық қатысымның заманауи мәселелері
  3. Қазақстанның және ТМД елдерінің сандық-инновациялық дамуындағы ғылымның маңыздылығы
  4. Ұлы даланың ғаламдық тарихтағы рөлі: жастардың патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиесі
  5. Қазіргі әлемнің геосаяси үдерістері: тәуекелдер мен   тегеуріндер
  6. Шығыс елдерінің лингвистикалық және қоғамдық-саяси мәселелері
  7. Экономика, халықаралық және ұлттық құқық, менеджменттің теориялық және қолданбалы аспектілері мен қазіргі заманғы трендтері.
  8. Ақпараттық технологиялар заманындағы бұқаралық ақпарат құралдары, журналистика және туризмнің даму бағыттары.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать