«Индонезия мен Қазақстанның әртүрлілігі мен үндестігі»

2022 жылдың 10 наурызында әріптестік меморандум аясында Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер университетінің студенттері мен Universitas Penbangunan Nasional Veteran Jakarta (Индонезия) студенттерінің қатысуымен онлайн кездесу өтті. Кездесуге UPNVJ Ректоры Эрна Хернавати, Абылай хан атындағы ҚХжәнеӘТУ-дің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Сережкина Т.В., Индонезияның Қазақстандағы елшісі Фаджрул Рахман мырза, Қазақстанның Индонезиядағы елшісі Данияр Сарекенов және екі тараптың қызметкерлері мен оқытушылары да қатысты. 

Кездесу барысында «Индонезия мен Қазақстанның әртүрлілігі мен үндестігі» тақырыбының аясында ауқымды пікірталас жүргізілді. Сондай-ақ, Индонезиялық университет тарапынан Индонезияның ерекшеліктері туралы, индонезиядағы салт-дәстүрлер туралы түрлі қызықты бейнероликтер көрсетілді.
Өз кезегінде біздің тарапымыздан да Халықаралқ қатынастар факультетінің 2-курс студенттері Каратай Бектемір және Туребай Алия Қазақстан туралы арнайы презентация ұсынды. Бұдан бөлек қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, жалпы мәдниеті турасындағы видеороликтер көрсетілді.
Екі елдің өзіндік ерекшеліктерімен таныс болған студенттер бір-біріне сұрақтар қойып, алған әсерлерімен бөлсті. Бастысы барша қатысушылар аталмыш кездесудің Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени және әлеуметтік маңыздылығын жете түсінді. Тіпті келесі онлайн-кездесудің күнін де алдын ала белгілеп қойды.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать