«Тілді оқытудың заманауи әдістері» атты республикалық практикалық онлайн курс өз мәресіне жетті

2022 жылдың 14-31 наурыз аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің қазақ филологиясы кафедрасының жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту орталығы «Тілді оқытудың заманауи әдістері» атты (80 сағат) республикалық практикалық онлайн курс өткізді. 

Курстың алғашқы күні кафедраның аға оқытушысы Ғ.Ж.Тұңғатованың «Сұхбаттасу шеберлігін дамытуға бағытталған жаттығулар» тақырыбындағы дәрісімен басталды. Ары қарай курсты  ф.ғ.д., проф.Ж.Ж.Есеналиева өзге тілді оқытуда салғастырмалы әдісті пайдалану, п.ғ.м. Л.Ж.Хамимульдинова  қазақ тілін оқытуда аутентті бейнежазбаларды пайдалану, ф.ғ.к. Б.М.Сұлтанова әдеби шығармаларды оқытуда СТО (сыни тұрғыдан ойлау) стратегиясын қолдану, магистр-оқытушы М.Н. Кульманова  тілді ән арқылы үйрету, ф.ғ.к. Ш.А.Нұрмышева білімгерлердің интербелсенділігін мәтінмен жұмыс  түрлері арқылы арттыру, ф.ғ.к А.Б.Әмірбекова мектеп оқушыларына тіл үйрету арқылы лингвомәдени құзыреттілікті қалыптастыру, ф.ғ.к.  Б.Қ. Аққожина кәсіби қазақ тілі сабағын ойын арқылы оқыту, ф.ғ.к. Ж.Қ.Дәркенбаева қазақ тілі сабағында фразеологизмдерді меңгерту,  ф.ғ.к. Ә.М.Кәкенова  қазақ теңеулерін пайдаланудың тиімді жолдары мен заманауи әдіс-тәсілдеріне арналған онлайн сабақтар өткізді.

Дәрістер курсқа қатысушылар тарапынан көп қызығушылық тудырып, жоғары бағаға ие болды, жаңашылдығымен қатысушыларды тәнті етті. Дәріске қатысушылар тың ақпарат алып, сабақтың жандануына атсалысты, жағымды жаңалықтарымен бөлісті. Сонымен бірге алдағы уақытта әдіс-тәсілдерді практикалық қолданыста кеңінен пайдаланатындарын, білім беру барысында бұл әдістердің тиімділігі зор екенін айтып, пікір-тілектерін, алғыстарын білдірді.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать