«Крим-Экс-2022»

Біздің студенттеріміз «Крим-Экс-2022» криминалистика және сот сараптамасының үздік белгілері» атты жыл сайынғы VІ халықаралық байқауында І орынға ие болды. Арнайы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультеті қылмыстылыққа қарсы тұру мәселелерін зерттеу орталығы ұйымдастырған байқауға Республикамыздың түкпір-түпкіріндегі болашақ заң саласының мамандарынан құралған 11 команда қатысты.

Барлық сыннан сүрінбей өткен университетіміздің құқықтану мамандығының 3-4-курс студенттері Токмеилова Мерей, Дәуренжанов Бақытжан, Гадаборшева Анжела, Орынбасар Алдияр, Жолмухамедов Аскар университетіміздің намысын қорғады. Осылайша студенттеріміз бас жүлдені жеңіп алып, І дәрежелі дипломмен және жеңімпаз кубогымен марапатталды.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать