«Шалқар Алма-Ата 106.5 ҒМ»

Сәуір айының 4-жұлдызында «Шалқар Алма-Ата 106.5 ҒМ» радиосының «Құтты білік» бағдарламасында университетіміз туралы арнайы бағдарлама әуе толқынына таралды. Бағдарламада университетіміздің профессоры, ф.ғ.д. З.С.Айдарбеков, жастар ісі жөніндегі комитет терайымы К.Н.Жанысова, қоғаммен байланыс маманы Ұ.М.Болатова және Шет тілдер педагогика факультетінің лидері Е.Талғатов сұхбат беріп, өз пікірлерімен бөлісті.

Сұхбат барысында университетімізде өтіп жатқан «Eurasia Foundation» фондының жапондық жобасы туралы, жастардың халықаралық деңгейдегі байқауларда жеткен жетістіктері мен қазіргі таңдағы жастар қабілеттілігі турасында риясыз әңгіме жүргізілді. Өз кезегінде университетіміздің мақтанышына айналған студенттер мен оларға берілген академиялық ұтқырлық, зор мүмкіндіктер кеңінен сөз етілді. Жастардың бойындағы патриоттық сезімді көтеру мақсатында бағдарлама барысында қазіргі таңдағы тіл мәселесі және жастардың арасындағы шетелге деген қызығушылық сынды мәселелер жөнінде де сөз қозғалды.  З.С.Айдарбеков сөз соңында «қазақ жастарының қабілетіне шет елдік ғалымдар таң қалады» деп баға берді.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать