«Фараби әлемі»

2022 жылдың 6-7 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де офлайн форматы бойынша кезекті «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы болып өтті. Конференцияға факультетіміздің «Шығыстану» мамандығынан 2-4 курс студенттері қатысты.

Нәтижесінде,

4 курс студенті Қайратқызы Дана – 2 орын, ғылыми жетекшісі:  т.ғ.к. Есеркепова Ж.О.;

2-курс студенті Ким Екатерина – 2 орын, ғылыми жетекшісі:  доктор PhD Сайкенева Д.К.;

2-3-курс студенттері Борисова Дильназ, Әлхан Зерайым - ғылыми жетекшісі:  т.ғ.к. Есеркепова Ж.О., 3 орынды иеленді.

Ал, 2-4-курс студенттері Оразбаев С.К., Амангелдиев Е., Паржан С., Бекбаева А.Ә., Молочиева Р.Ж., Жанжигит А. кәсіби шеберліктері үшін мақтау хаттарымен марапатталды. Ғылыми жетекшілері:  т.ғ.к. Омарова М.А., т.ғ.к. Есеркепова Ж.О., доктор PhD Дауен Д.Б., доктор PhD Сайкенева Д.К. Университетіміз бен факультетіміздің мерейін көтерген дарынды студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Печать