КОРЕЙ ТАҒАМДАРЫ КҮНІ

30 наурыз күні ҚазХҚжәнеӘТУ банкет залында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орайластырылған корей тағамдары күні өтті. Іс-шараға корей тілін оқитын шығыстану факультетіндегі 1-ші және 2-ші курстың 90-ға жуық студенттері қатысты. Біздің оқытушылар, тіл тасымалдаушы мұғалімдер оқушыларға кимбап дайындау тәсілдері мен түрлерін көрсетті және токпоккиді дұрыс дайындауды үйретті.Іс-шара еркін түрде өтті, студенттер корей тағамдарының қыр-сырына қатысты сұрақтар қойып, мұғалімдерден жауаптар алды.

Іс-шарадан кейін студенттер жаңа дағдыларға ие болды, корей тілін үйренуге және корей тағамдарын тамашалауға мүмкіндік алды.Іс-шараны Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі жанындағы корей білім беру орталығының қолдауымен корейтану орталығы мен шығыстану факультетінің корей бөлімінің оқытушылары ұйымдастырды.

Печать