«Қазақстандағы арабтану: тіл, тарих және мәдениет салаларындағы дамуы»

30.03.2022 ж. Шығыстану факультетінің шығыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен араб әліпбиі негізінде қазақ төте жазуының негізін салушы, тіл реформаторы, алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Қазақстандағы арабтану: тіл, тарих және мәдениет салаларындағы дамуы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

     

Дөңгелек үстелде арабтануға қатысты баяндамалар мен сұрақтар талқыланды. Дөңгелек үстелде проректорлар; декандар;  кафедра меңгерушілері; оқытушылар мен студенттер; А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан, Қазақстан-Британ техникалық университетінен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен қонақтар; дипломаттар мен араб бөлімінің түлектері – Қазақстан Республикасындағы Араб елдерінің Елшілігінің аудармашылары қатысты.

Печать