«Жас Отан. Жастар қанаты»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Жас Отан. Жастар қанаты» және т.ғ.д., профессор Х. Хабиев атындағы Қоғамдық қор қолдауымен 2022 жылдың 4-7 сәуір аралығында дәстүрлі «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында 2 кезеңнен тұратын республикалық байқау өткен болатын. Бұл байқауға т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О. жетекшілігімен «Шығыстану» мамандығының 3 курс студенті Амангелдиев Ерсултан қатысқан болатын.

Зерттеу жұмысы жоғары бағаланып, соңғы кезеңге жолдама алды. Нәтижесінде, Амангелдиев Ерсултан өте жоғары дәрежеде белсенділік танытып, үздік алтылық қатарына енді. Алғыс хат пен сыйлыққа ие болды. Факультетіміздің мерейін көтерген дарынды студентімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать