Құрметті ғылым қызметкерлері, докторанттар, магистранттар және студенттер!

Сіздерді төл мерекелеріңіз – Ғылым қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ғылым экономикалық түрлендірудің қуатты ресурсы, ұлттық байлықтың маңызды құрастырушысы, техникалық прогресстің қозғаушы күші болып табылады!

Құрметті ғалымдар! Бүгінгі таңда ғылым адамзат тіршілігінің барлық саласын дамытудың басты факторына айналды. Ғылым әрқашан болашаққа апаратын жол. Сіздер еліміздің игілігі және қоғам элитасы болып табыласыздар. Ғылыми ашылулар мен зерттеулерге баға жетпес үлес қосқандарыңыз үшін алғысым шексіз.

Сіздерге шығармашылық табыс, сарқылмас ғылыми ізденістер мен жоғары нәтижелер тілеймін!

Ізгі ниетпен, Басқарма Төрайымы-Ректор

С.С.Құнанбаева

Печать