«Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарының» 30 жылдығы

Шығыстану факультеті шығыс филологиясы кафедрасы түрік тілі бөлімінің ұстаздары мен 1-4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен 4 - 7 сәуір аралығында факультетімізде «Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарының» 30 жылдығына орай түрік тілі апталығы өткізілді. Түркия республикасының тарихы,мәдениеті жайлы қызықты мәліметтер айтылды..Студенттердің алған білімдерін шыңдай отырып Түркияның тарихы, мәдениеті, тілі мен әдебиеті кеңінен насихатталды.

4 сәуір - 1 курс студенттерімен түрік тілі апталығының  ашылуы болды . 

5 сәуір - 4 курс студенттерімен « Тіл.Мәдениет және  Қоғам» тақырыбындағы мастер класс өткізілді .

6 сәуір - 2 курс Шығыстану мамандығы студенттерімен  «Түрік және қазақ салт-дәстүрі» (үйлену рәсімінен)  көрініс көрсетілді.

7 сәуір - «Dil.Edebiyat.Kültür» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді .

Түрік тілі апталығының өтуіне атсалысқан ұстаздар мен студенттерге алғыс айтамыз.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать