Орыс тілі мамандарының ғылыми-әдістемелік ынтымақтастығы

2022 жылдың 13 сәуірінде Теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасы Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті ұйымдастыруымен «Орыс тілі» Үшінші фестивалі аясында «Орыс тілін шет тілі ретінде оқыту жүйесіндегі инновациялық әдістер» атты дөңгелек үстелге онлайн режимінде қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың теориясы мен әдістемесі саласында тәжірибе алмасу болды. Дөңгелек үстелде Ресей, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Түркия ғалымдары мен әдіскерлері орыс тілді емес ортада орыс тілін оқытудың өзекті мәселелеріне тоқталды.

Теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасы меңгерушісі ф.ғ.д., проф. Баяндина С.Ж. Қазақстан Республикасындағы тілдік білім берудің жай-күйі туралы; профессор, п.ғ.д. Қонақова Қ.У. орыс тілі сабақтарында қайта өңделген  мәтінмен жұмыс тәжірибесі туралы; доцент, ф.ғ.к. Сыздықбаев Н.А. тіл мен әдебиетті оқытудағы мультимедиялық технологиялардың рөлі туралы жасалған баяндамалары ғылыми шараға қатысушылардың қызығушылығын арттырды.

«Аударма және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасынан доцент Әубәкірова А.Қ., Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ көптілді білім беру тұжырымдамасы жүзеге асыру туралы сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелде білім беруді цифрландыру аясында инновациялық технологияларды қолданудың қатысушы елдердің мамандары  зерттейтін ғылыми проблемалары анықталды.

Печать