А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Заманауи тіл білімі: дәстүр мен инновация» атты дөңгелек үстел

Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) Бас конференциясының 41-сессиясы барысында 2022-2023 жылдарға арналған  атаулы күндердің  халықаралық күнтізбесін бекіту туралы арнайы қарар қабылданды, оған Қазақстанның ұсынысымен тіл маманы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы енгізілді.

2022 жылдың 15 сәуірінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің  «Теориялық және қолданбалы лингвистика» кафедрасы  гибридтік форматта А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына және  Қазақстандағы Ғылым  қызметкерлерінің күніне арналған «Заманауи тіл білімі: дәстүрлер мен инновациялар» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің  мақсаты –  заманауи ғылым мәнмәтініндегі А.Байтұрсынұлының ғылыми мұрасын зерделеу, сондай-ақ білім алушылардың ғылыми жұмыспен айналысуын белсенділендіру. Аталған шараға университеттің профессорлары мен оқытушылары, студенттер, магистранттар, республика ЖОО-ның докторанттары барлығы 100-ден аса адам қатысты.

Пленарлық мәжілісте баяндамалар жасағандар: филология ғылымдарының кандидаты, доцент Б. С. Қапалбеков; педагогика ғылымының докторы, профессор Д. М. Жүсіпәлиева; қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты А.Т. Қоңырова; Павлодар Ұлттық білім беру академиясы "Торайғыров университетінің" профессоры, филология ғылымының докторы А.Ф Зейнулина Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми және қоғамдық қызметінің түрлі аспектілері бойынша сөйледі.

А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Заманауи тіл білімі: дәстүр мен инновация» атты дөңгелек үстел ұлы ағартушының шығармашылығын зерттеуде студенттердің  үлкен қызығушылығын тудырды. Ұлы ағартушы А. Байтұрсынұлының еңбектері бүгінгі күні өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Зерттеліп отырған мәселелер бойынша студенттердің, магистранттардың, докторанттардың мазмұнды презентациялары   ұйымдастыру комитеті тарапынан жоғары бағаланды. Шет тілі педагогикалық факультетінің 102 тобының студенттері Жалалдин Дильназ, Бораш Әсел - (ғылыми жетекшісі: профессор Қабдолова Қ.Л.) өз баяндамасында А.С.Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісінің  қазақ тіліндегі аудармасына  салыстырмалы талдау жасады. Ал ғылыми есептер бойынша шет тілі педагогикалық факультетінің 104 тобының студенті Ілес Әйкерім - (ғылыми жетекшісі: профессор Баяндина С.Ж.); 1 курс PhD докторанты Қадырқұлова Самал (ғылыми жетекшісі: доцент Сыздықбаев Н.А.); Жармағамбетова Венера, халықаралық қатынастар факультеті, (ғылыми жетекшісі: доцент Әбжанова Д.А., аспирант Шоханова Тоғжан (ғылыми жетекшісі Қ.Қонақова)  т. б. А.Байтұрсынұлының  идеялары аясындағы тіл тәрбиесінің өзекті мәселелерін баяндады.

Дөңгелек үстелде ағартушы, реформатор ғалым, қазақ тіл білімінің негізін салушы және әдебиеттанушы Ахмет Байтұрсынұлының (1872-1937) мұрасын дамытуға үлес қосқысы келетін жас ғалымдар өзінің ғылыми әлеуетін көрсетті.

Печать