Тұрақты даму мақсаттары: соңғы онжылдықтағы әрекет

12-14 сәуір аралығында Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер университетінде жыл сайынғы халықаралық БҰҰ моделі өтті. Аталмыш симуляцияның негізгі күн тәртібінде «Тұрақты даму мақсаттары: соңғы онжылдықтағы әрекет» тақырыбы талданды.

Ресми ашылу салтанатында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің ӘМ және ТЖ Проректоры – Сережкина Т.В., БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Алматыдағы өкілі – Властимил Самек, Өзбекстанның Алматыдағы Бас консулы – Аброр Фатхуллаев, Қырғыз Республикасының Алматыдағы вице-консулы – Гүльзат Абдурасулова; Қазақстандағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі – Джастин Рашид және Астана халықаралық университетінің қауымдастырылған профессоры – Ақсамал Исалиева ресми сөз сөйледі.

Отырыстар үш комитете ағылшын тілінде өтті:

UNEP: Building Biodiversity - The Natural Resource Management Approach for last decade (SDG #15)

UNHRC: The Right to Privacy in a Digital Age (SDG #16)

ECOSOC: Business action: enhancing business contribution for SDG's (SDG #17).

Халықаралық БҰҰ моделінің делегаттары ретінде біздің университетіміздің, СДУ, ҚМЭБИ, Астана халықаралық университетінің студенттері, Алматы және Павлодар қалаларындағы НЗМ мектептерінің студенттері, сондай-ақ Қырғызстан мен Өзбекстанның алдыңғы қатарлы оқу орындарының студенттері қатысты.

Сондай-ақ, конференция аясында көшбасшылық және зерттеушілік дағдылар бойынша семинар өткізіліп, Мира Маульшариф пен Багдат Акбиева спикер ретіне сөз сөйледі.

Біз қатысушылар мен қонақтарға алғысымызды білдіреміз!

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 11. ТҰРАҚТЫ ҚАЛАЛАР МЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕР

Печать