Францияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің орта және жоғары білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі атташесі Ксавье Ле Торривеллекпен кездесті

26 сәуір күні аударма және филология факультетінде Францияның Қазақстандағы Білім беру саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі  атташе Ксавье Ле Торривеллекпен кездесу өтті. Кездесуге факультет деканы Б.Мизамхан мен француз тілі мұғалімдері қатысты. Кездесу барысында аудармашылар дайындаудағы мүмкіншіліктер туралы сөз қозғалып,    студенттерді әлемдік жобаларға қатыстыру  жайлы айтылды. Францияның жоғары оқу орындарымен серіктестік құру мүмкіндігі туралы айтылды

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 8. ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ПЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

Печать