«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» семинары

Қазіргі таңның ең өзекті мәселесінің бірі – сыбайлас жемқорлық. Осы тұрғыдан жемқорлықпен күрес жүргізу мақсатында сәуір айының 27 жұлдызында Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер университетінде профессор-оқыту құрамымен және әкімшілік-басқару қызметкерлерімен «Жастар сыбайлас жемқорлықсыз әлем үшін» атты семинар өтті. Семинар оқу орнымыз бен Алматы қаласы Алмалы ауданының «Almaty-Adaldyg Alany» жобалық кеңесі және «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы филиалының бірлесе ұйымдастыруымен өткізілді.

Отырыста «Жаңару» РҚБ Алматы қалалық филиалы кеңесінің мүшесі Калимолдин Марат Маутенұлы мен «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің АҚФ директоры Өскенов Қанат Қамзеұлы модераторлық етті. Сондай-ақ, университетіміздің оқытушылары Т.В.Сережкина, К.А.Байжомартова, К.М.Кучукова, Б.Е.Сержанов пен студенттер да өз баяндамаларын оқыды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында мемлекеттік саясат арнайы жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша өткізілген шаралар турасында сөз қозғалды, баяндамалар оқылып, пікірталастар жүргізілді. Қорытынды сөз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Алматы қаласы бойынша жастар арасында 2 жылдық жүргізілген жұмыстар баяндалды.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 16. БЕЙБІТШІЛІК, СОТ ӘДІЛДІГІ МЕН МЕН МЫҚТЫ ИНСТИТУТТАР

Печать