«Last week of sophomores” таланттар Шоуы

2022 жылдың 29 сәуірінде Шетел тілдері педагогикалық факультетінің 2-курс студенттерімен «Last week of sophomores» атты таланттар шоуы өтті. Студенттер шара барысында өз танаттары мен өнерлерін көрсетті. Дәлрек айтар болсақ, атысушылар би билеу, стенд-ап, домбыра тарту, өлең оқу, вокал бойынша өздерін жан-жақты көрсетіп, уақытты қызықты да пайдалы өткізді. Іс-шараның өтуіне сай әр қатысушының дайындық деңгейі өте жоғары болғанын байқауға болады.

Қазылар алқасының құрамында Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері төрелік етті. Шара соңында вокал өнері, аспапта ойнау, би өнері, поэзия, театр өнері (пародия, скит, т.б.) номинациялары бойынша барлық студенттер марапатталып, ынталандыру сыйлықтары да табыс етілді.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 5. ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК

Печать