Жемқорлыққа қарсы семинар

Мамыр айының 4 жұлдызында Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер университеті мен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бірлесуімен арнайы семинар сағаты өткізілді. Университетіміздің оқытушылары мен студенттері белсене қатысқан семинарда қоғамдық даму орталығының басшысы Б.Е.Сержанов модераторлық етті.

Сонымен қатар, әкімшілік-ұйымдастыру ісі жөніндегі проректор Ө.Ш.Нұрғабылов алғысөз сөйлеп, өз кезегінде оқу орнындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары турасында сөз қозғады. Семинар барысында  ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Б.Б.Рамазан мен басқарма офицері С.С.Алимжанов қазіргі таңдағы жемқорлықпен күрес жолдары туралы баяндама оқыды. Өз сөзінде олар жемқорлық құрбанына айналмау және оның алдын алу үшін қандай әрекеттер жасау қажеттігін атап өтті. Аралас форматта өткен семинар арқылы студенттер өз сұрақтарына заң шеңберінде жауап алып, жемқорлыққа жол жоқ екенін тағы бір мәрте түсінді.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 16. БЕЙБІТШІЛІК, СОТ ӘДІЛДІГІ МЕН МЕН МЫҚТЫ ИНСТИТУТТАР

Печать