«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»

Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай 29 сәуір күні Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер университеті Шет тілдер педагогика факультеті арнайы «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш өткізді. Кеш барысында ақиық ақын өміріне шолу жасалып, өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталды. Дәлірек айтар болсақ, ақынның өлеңдері нақышқа келтіре орындалып, көпшілік көңілінен шықты. 

Кеш шымылдығын ақынның құрметіне түсірілген «Мұқағали» фильмінің үзіндісі ашып берді. М.Мақатаевтың соқпағы мол өмір жолынан сыр шерткен үзіндіден соң талантты студенттеріміз әдеби көркем өнерлерін көпшілікке арнады.  Сонымен қатар, әсем ән мен күмбірлеген күй де сазды кештің көркін келтіре түсті. Осылайша қатысушылар да, көрермендер де рухани азық алып қайтқан кеш ерекше ғибратқа толы болды.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Печать