Шығыс мәдениетінің фестивалі

Мамыр айының 5-і күні Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетінің Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен арнайы фестиваль өтті. «ORIENTAL VIBE» тақырыбындағы  арнайы 1 мамыр Қазақстан Халықтарының бірлігі күнініе орай өткізілген шарада түрлі елдердің мәдениеті мен өнері көрсетілді. Дәлірек айтар болсақ, Шығыс елдерінің долма, пахлава, ток-покки, рамен, суши, корн-док сынды ұлттық тағамдары мен бұйымдары арнайы жәрмеңкеге қойылып, мәдениеттері таныстырылды. Сонымен қатар, шара барысында әуезді Корей, Араб, Түрік әндері шырқалып, Жапон, Қытай елдерінің билері және каратэ өнері қойылды. Қатысушылар арасында қойылымдар мен қызықты ойындар ойнатылып,  естелік суреттер түсірілді.

Фестивальге келушілер арасында тек университет студенттері ғана емес, оқу орнына түсуді арман ететін болашақ абитуренттер де болды. Осылайша қызықты да көңілді өткен фестиваль еліміз бен шетелдер сабақтастығын қайта жаңғыртқандай болды.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 10. ТЕҢСІЗДІКТІ ҚЫСҚАРТУ

Печать