Біздің Отанымыз – Қазақстан

12.05.2022 ж. Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті,  Мәдениетаралық коммуникация теориясы мен практикасы кафедрасы Қазақстан халықтарының бірлігіне арналған "Бірлігіміз жарасқан" атты іс-шара өткізді. Шетел тілі мұғалімдерін даярлау мамандығының 3 курс студенттері әртүрлі халықтардың мәдениеттерін көрсетуге белсене қатысып, атсалысты. Көрермендермен интерактивті форматта би, ән, ұлттық тағамдардың тұсаукесері өтті.

Концерттік қойылымдағы студенттердің шығармашылық көзқарасы болашақ шетел тілі мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін растайтыны сөзсіз. Мереке сәтті өтті. Жиналғандардың барлығы кешті "Мен, Сен, Ол – бірге тату отбасымыз" әнімен аяқтады. Елімізде тұратын барлық ұлт өкілдеріне Қазақстан біртұтас отбасы болып табылатынына күмәніміз жоқ. Жасасын Қазақстан!

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 10. ТЕҢСІЗДІКТІ ҚЫСҚАРТУ

Печать