Career fair

Мамыр айының 16 күні Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетінде жұмыспен қамту орталығының бастамасымен дәстүрлі «бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі-2022» өтті.

Аталмыш шараға еліміздің сан саласында майталманға айналған, түрлі қызмет салаларындағы 51-ден астам  ірі Қазақстандық және шетелдік компаниялар қатысты. Осылайша, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дың барлық білім беру бағыттарының 250-ден астам студенті алдағы уақытта жұмысқа орналасуға және лайықты тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды. Кездесу аясында білім беру саласы мен бизнес - ортаның өзара өзекті мәселелері қозғалды, сондай-ақ, студенттер мен ЖОО түлектерін тағылымдамадан өткізу және жұмысқа орналастыру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, кездесулер, конференциялар мен мастер-кластар өткізу шеңберінде одан әрі ынтымақтастық перспективалары жоспарланды.

12 жылдан бері өз жалғасын тауып келе жатқан жәрмеңке түлектеріміз үшін ғана емес, сонымен қатар, жұмыс берушілер үшін де аса маңызды. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысу арқылы екі тарап та өз талаптарына сай нәтижеге қол жеткізе алады. Бүгінгі таңдағы еңбек нарығындағы сұранысқа сай маман мен жұмыс орнын таба білуге жәрдемдесетін жәрмеңке нәтижесінде ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының өкілдігі, «Халык банк» АҚ, «Қазақстан» қонақ үйі, "Baker Tilly Qazagstan Audit" халықаралық аудиторлық ұйымы, Алматы қаласы Бостандық аудандық соты №2 ( қылмыстық істер бойынша), "Халықаралық бизнес және коммуникациялар колледжі" мекемесі, Алматы қаласы білім басқармасының "№ 35 гимназия" КММ, "Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия" КММ, "Kelun-Kazpharm" ЖШС сынды ұйымдармен өзара байланыс орнатып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 8. ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ПЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

Печать