Корея Республикасының Пусан қаласындағы Еуразиялық экспедиция делегациясы

2022 жылдың 16 қыркүйегінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне Корея Республикасының Пусан қаласындағы Еуразиялық экспедиция делегациясы келді. Қонақтардың Қазақстанға келуі Пусан қаласын EXPO 2030 көрмесіне үміткер ретінде таныту бойынша үлкен бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Пусан қалалық ассамблеясының төрағасы Ан Сонг Мин мырза бастаған 22 адамнан тұратын Еуразиялық экспедиция делегациясы біздің университетке келді.

Құттықтау сөзінде Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің ғылыми-инновациялық қызметі жөніндегі проректоры Успанова М.У. ҚазХҚжӘТУ мен Пусан университеттері арасындағы ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықтың одан әрі қарқынды дамитынына сенім білдірді. Еуразиялық экспедиция делегациясының басшысы Ан Сонг Мин мырза да қазақ пен корей халықтарының бір-біріне өте жақын екеніне тоқталып, халықтарымыз арасындағы достық нығая түсетініне сенім білдірді.

Печать