ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕСІ

Қыркүйектің әр үшінші жексенбісінде алматылықтар өз қаласының мерекесін атап өтеді. Биыл мереке 18-ші қыркүйекке сәйкес келді. Алайда мереке ертерек басталды. Алматылықтар мен қала қонақтары «Сүйемін сені, Алматы» атты көше мәдениеті фестивалі аясында көп шараларды көріп тамашалай алды.

17 қыркүйек күні Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТ Университеті Шеттілдік білім беру әдістемесі кафедрасының 4 курс студенттері мен оқытушылары Абай алаңында ұлы ақынның шығармашылығына арналған театрландырылған қойылымды тамашалады. Алаңда Абайдың өлеңдері сол дәуірдегі экспромттық киіз үйде оқылды.

Абай алаңында фестиваль қонақтарының халық әндерін тыңдауға, киіз басушылардың және басқа да қолөнершілердің өнерін бағалауға, алматылық суретшілердің туындыларын тамашалап, тіпті шеберлік сабақтарына да қатысуға мүмкіндіктері болды.

Қала тарихын Қазақстан Республикасы Орталық археологиялық мұражайы ұсынған жәдігерлерден ғана емес, қалалардың кәріз құдықтарынан да зерттеуге болады. Сүйікті қаламыздың тарихының бұл бөлігі «Табан астындағы тарих» деп аталады.

Қаланың қақ ортасында Панфилов көшесінде, Арбатта, Абай атындағы опера театрының жанында Алматының 1940 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейінгі мәдени-тарихи дәуірлеріне арналған фестиваль өтті.

Мәдени шараларға қатысу өскелең ұрпақты мәдени құндылықтармен таныстырады, халықтық дәстүрге деген қызығушылық пен құрметін қалыптастыруға ықпал етеді.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 3. ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН АМАНДЫҚ

Печать