Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Д. М. Джусубалиеваның 75 жылдығына арналған халықаралық дөңгелек үстел туралы

2022 жылдың 21 қыркүйегінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің базасында "білім беруді цифрландыру жағдайында кәсіби кадрларды даярлау: мәселелері мен болашағы"тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан, Ресей және алыс шетелдің жетекші ғалымдары қатысты.

"Білім беруді цифрландыру жағдайында педагог кадрларды даярлауға профессор Д.М. Джусубалиеваның ғылыми-практикалық үлесі" тақырыбында педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ақпараттандыру Академиясының және Қазақ Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі Нургалиева Гуль Кумашевна үлкен цифрлық баяндама жасады. Қазақстан-Америка Еркін университетінің президенті, ҚР ҰҒА Академигі, Химия ғылымдарының докторы, профессор Мамбетказиев Ережеп Альхаирович, "Неофит Рилски" Оңтүстік-Батыс университетінің бірінші проректоры, Phd докторы Ицки Дерижан (Болгария), педагогика ғылымдарының докторы Галина Владимировна Нездемковскаяның (Ресей, Мәскеу), Томск мемлекеттік университетінің ақпараттандыру жөніндегі проректоры, "Сібір ашық университеті" қауымдастығының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Владимир Петрович Демкиннің (Ресей, Томск), әлемдік экономика және қаржы институтының ғылым жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Кучерук Ирина Владимировнаның (Ресей, Астрахань), сондай-ақ қазақстандық ғалымдардың – ҚР Әйелдер кеңесінің президенті, медицина ғылымдарының докторы, академик, профессор Каюпова Нина Амировнаның, педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының академигі Жампеисова Қорлан Қабыкеновнаның, психология ғылымдарының докторы, профессор Намазбаева Жамиля Идрисовнаның, ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының вице президенті, Басқарма Төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Абишев Али Ажимовичтің құттықтаулары үлкен қызығушылықпен тыңдалды. Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қаласының басқа да жоғары оқу орындарының және басқа да өңірлердің өкілдері қатысты. Өз сөздерінде олар мерейтой иесін құттықтап қана қоймай, білім беруді цифрландыру жағдайында білікті кадрлар даярлау бойынша жоғары білім берудің өзекті мәселелерін көтерді. Мерейтой иесіне Ұлттық Ғылым академиясының академигі, э.ғ.д., профессор Т.И. Есполов, ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының директоры, п.ғ.д., профессор Ж.А. Мақатова, ҚР Бірінші Сыртқы істер министрі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Т.С. Сүлейменов, ҚАЕУ ректоры А.Е. Мамбетказиев, ХАТУ ректоры А.К. Хикметов, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай, Еуразия технологиялық университетінің ректоры Е. С. Ибышев және т. б. құттықтау сөз сөйледі.

Печать