ВЛАДИВОСТОК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ КИМ АЛЕКСАНДР АЛЕКСЕЕВИЧТІҢ ҚОНАҚ ДӘРІСТЕРІ

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 19–24 қыркүйек аралығында қонақ дәрістері оқылды. Владивосток мемлекеттік университетінің профессоры Ким Александр Алексеевич «Ғылым тарихы", “Қиыр Шығыстың ортағасырлық мемлекеттері", “Мектептегі таптық иерархия", "SCOPUS және WoS мәліметтер базасына кіретін журналдарға мақалалар дайындау"  тақырыптарын қозғады.

Дәріске қатысқан магистранттар мен докторанттар, ғылым тарихының дамуының негізгі кезеңдері, Қиыр Шығыстағы ортағасырлық мемлекеттердің, атап айтқанда Бохай мемлекеті мен Цзинь империясының тарихы, мәдениеті, экономикасы мен саудасы туралы көптеген қызықты фактілерді білді. SCOPUS және WoS мәліметтер базасына кіретін журналдарға,мақалалар жазу және жариялау туралы түрлі ұсыныстар алды.

Іс-шараға 60-тан астам магистранттар, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің докторанттары және шығыстану факультетінің студенттері қатысты. Дәрістер қызықты және танымдық болды. Тыңдаушылар қойылған сұрақтарға мазмұнды және жан-жақты жауаптар алды.

Печать